Қар 01, 2017 13:58 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың сыртқы саясаты ізгі ниетке негізделмеген

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың әсіресе жаңа үкімет кезіндегі саясатының ізгі ниеттен кенделігін баяндап: "Дональд Трамп билік басына келгеннен бастап, АҚШ-тың сыртқы саясатының күн тәртібінен теріс ниет орын алды",- деді.

Мохаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің "Ханейе меллат" (ICANA) ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Халықаралық құқықтар бойынша, халықаралық келісімдерді ізгі ниетпен орындамайтын АҚШ сынды мемлекеттер "ізгі ниеттен" кенде деген заң бұзушылыққа шалдығады",- деді.

Зариф Конгресс шешімінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылу тағдырына  қаншалықты әсер ететіндігі туралы сұраққа: "АҚШ-тың ішкі заңдары тек сол елдің өзіне ғана қатысты. Бірақ, халықаралық қоғамның пікірінше халықаралық міндеттемелерді орындауға АҚШ үкіметі жауапты",- деп баса айтты.

Иран Сыртқы Істер Министрі америкалықтардың  кеңістікті бұзып, ИИР-ның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын пайдалануға кедергі жасауды көздейтіндігіне тоқталып: "Мұндай ұстаным ізгі ниетке қайшы болуымен бірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 26,  28 және 29 баптарына да қайшы",- деді.     

 

 

Тегтер