Рухани: АҚШ Иран халқының үмітін үзуді мақсат етуде
https://itolqyn.com/news/iran-i32039
ИИР Президенті: "Америкалықтар қастық жасауды көздеуде. Олардың негізгі қастығы - біздің халықтың ойында елдің экономикасы мен дамуының келешегіне қатысты күмән тудыруды мақсат етуінде",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 01, 2017 14:05 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ Иран халқының үмітін үзуді  мақсат етуде

ИИР Президенті: "Америкалықтар қастық жасауды көздеуде. Олардың негізгі қастығы - біздің халықтың ойында елдің экономикасы мен дамуының келешегіне қатысты күмән тудыруды мақсат етуінде",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігі мәліметі бойынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні кешке елдің заң шығарушы және жоғары сот биліктері басшыларымен өткізген ортақ отырысының соңында халық пен басшыларға ұлттық бірлікті сақтаудағы үлестеріне алғыс айтып, үстемшілдердің аймақта тынышсыздықтар ұйымдастырып, лаңкестікті тарату әрекеттеріне тоқталып: "Барлық қастандықтарға қарамастан, аймақ бүгінде бұл қиындықтардан өтуде",- деді.

Иран Президенті үстемшілдердің аймақ елдерінің шекараларын өзгерту  талпыныстарына сілтеме жасап: "Үстемшілдер ойларын жүзеге асыра алмағандықтан мақсаттарына жете алмады",- деп баса айтты.

Иран Президенті сондай-ақ үстемшілдердің өз қаруларын сату үшін аймақта қайшылықр тудырғысы келетіндігін ескертіп: "Аймақтағы қайшылықтарды шешу үшін ынтымақтастықтарды арттыру арқылы шешім жолын табуымыз керек",- деді.