"Велаят кеңістігінің жанкештілері" жаттығуында Иран армиясының әскери ұшақтары түнгі уақытта бомбалады
Исфаһандағы "Велаят кеңістігінің жанкештілері" әскери жаттығуының жалғасында Иран армиясының әуе күштерінің ауыр бомбалаушы "Су-24" және "Фантом" әскери ұшақтары алдын ала белгіленген нысананы түнгі уақытта бомбалады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, "Велаят кеңістігінің жанкештілері" атты жетінші әскери жаттығудың бірінші күнінің үшінші кезеңінде ауыр бомбалаушы "Су-24" және "Фантом" әскери ұшақтары түнгі уақытты пайдаланып, алдын ала белгіленген нысаналарға шабуыл жасады. Бұл кезеңде 14Ғ ұшағы нысананы анықтап, оны жарып жіберді. Бұл жаттығуларда "Су-24" ұшағынан "Су-24" ұшағына бірінші рет төмен биіктікте жанармай құйылды.