Иран мен Пәкістан ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытты
https://itolqyn.com/news/iran-i3205
Иран Президенті Иран мен Пәкістанның ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытып отырғанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 26, 2016 16:37 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытты

Иран Президенті Иран мен Пәкістанның ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытып отырғанын айтты.

Иранның президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Иран Президенті жұма күні Исламабадта Иран мен Пәкістан ынтымақтастықтарына байланысты алты құжатқа қол қойғаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында: "Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифпен сұхбатта экономикалық мәселелер, соның ішінде, энергетика, газ және электр қуатын экспорттау жөнінде сұхбат болды" деді.

ИИР Президенті сондай-ақ Иран мен Пәкістанның жоғары дәрежелі делеагцияларының Исламабадта өткен отырысында Пәкістанды дос, бауырлас әрі терең мәдени ортақтастықтарға ие көршілес ел деп атап: "Теһран Исламабадпен барлық салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейтуді құптайды" деді.

Рухани Иран мен Пәкістан ынтымақтастықтарын кеңейту жолында екі елдің жеке бөлімдерінің қарым-қатынастарын нығайту және жеңілдетуді қажет деп атап: "Шекаралық базарларды нығайту, қатынас жолдарын қосу және Гвадар мен Чабаһар порттары арасындағы белсенді әріптестік арқылы екі елдің экономикалық әріптестіктерінің деңгейін Иран мен Пәкістан халықтарының тілегі бойынша жылына 5 миллиард долларға жеткізу керек" деп қуаттады.

Пәкістанның премьер-министрі де осы кездесуде сөйлеген сөзінде: "Иран мен Пәкістанның экономикалары бір бірін толықтырады. Исламабад Теһранмен барлық салалардағы әріптестіктерінің деңгейін көтеруді көздеп отыр" деді.

Пәкістанның премьер-министрі сонымен қатар Иранның өз еліне газ жөнелту құбырын жетілдіруді және Гвадар мен Чабаһар порттары арасындағы ынтымақтастықтарды нығайтуды қуаттады.