Рухани: Ресей – Иранның стратегиялық серіктесі
(last modified Thu, 02 Nov 2017 08:43:08 GMT )
Қар 02, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Рухани: Ресей – Иранның стратегиялық серіктесі

ИИР Президенті Ресейді көршілес дос ел әрі стратегиялық серіктес деп атап: «Теһранның ерік-жігері – Мәскеумен қарым қатынас пен әріптестікті жан-жақты дамыту және нығайту»,-деп қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда РФ Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық байланыстары мен әріптестіктерін дамытудың маңыздылығын қуаттап: «Иран Ресей инвесторлары мен жеке секторының маңызды инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде  темір жол желілері мен «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамытуға қатысып, әріптестік  жасау үшін белсенділік танытуын қолдайды»,-деді.

ИИР Президенті Астана келіссөздерінің үдерісіне тоқталып, Иран мен Ресейдің әртүрлі мәселелер мен дағдарыстарды шешу жолындағы көпжақты, аймақтық  және халықаралық әріптестіктерін маңызды деп атап: «Иран аймақтағы тұрақсыздықты барлық елдер үшін зиянды санайтындықтан аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздіктің дамуын қолдайды»,-деді.

Владимир Путин осы кездесуде: «Иран – Ресейдің көршісі әрі стратегиялық серіктесі. Екі ел екіжақты қарым-қатынас пен әріптестіктерді дамыту үшін қажет өте көп ортақ мүдделерге ие»,-деді.

РФ Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылық аясындағы келісім деп атап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты негізде бұзуды қандай сылтау болса да, қабылдауға болмайды. Бұл бағдарламаның Иранның қорғаныс және зымырандық мәселелеріне еш қатысы жоқ»,-деді.