Ислам революциясының жетекшісі: Теһран мен Баку қарым-қатынасына қарсыларға табандылық таныту керек
(last modified Thu, 02 Nov 2017 09:03:01 GMT )
Қар 02, 2017 15:03 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Теһран мен Баку қарым-қатынасына қарсыларға табандылық таныту керек

Ислам революциясының жетекшісі: «Иран мен Әзірбайжан республикасының тығыз бауырластық қарым-қатынасына қарсылар бар. Олардың арандатушылығы мен бүлдіргі әрекеттеріне қарсы тұру керек»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні кешке Әзірбайжан республикасының Президенті Илһам Әлиевпен кездесіп, екі елдің терең байланыстары мен өзара әріптестігін арттыру қажеттігіне тоқталып: «Иран мен Әзірбайжан республикасы еселенген ерік-жігермен әртүрлі салалардағы әріптестік пен қарым-қатынасты кеңейтуі керек»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Кеңес одағының Әзірбайжан республикасында марксизмді таратып, дінді ұмыттыру үшін жасаған үлкен талпыныстарының сәтсіз аяқталуының себебін халықтың мықты иманы деп атап: «Мұхаррам айында өткізілген салтанатты рәсім – Әзірбайжан халқының мықты иманының белгісі»,-деді.

Илһам Әлиев те осы кездесуде Теһран мен Бакудың мәдениет, экономика, инвестиция, энергетика, тасымал салаларындағы әріптестіктерінің үлгілеріне тоқталып, өз үкіметінің елде мешіт салуға талпыныс жасап жатқанын айтып: «Әзірбайжан республикасы Иранмен мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту үстінде әрі бұл қатынасты мәңгі сақтауға мүддделі»,-деді.

 

Тегтер