Ислам революциясының жетекшісі Путинді қабылдады
(last modified Thu, 02 Nov 2017 09:12:17 GMT )
Қар 02, 2017 15:12 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Путинді қабылдады

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Ресейдің Сириядағы өте жақсы тәжірибесіне тоқталып: «Бұл әріптестіктің нәтижелері Теһран мен Мәскеудің қиын майдандарда ортақ мақсаттарды жүзеге асыра алатынын көрсетті»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні кешке РФ Президенті Владимир Путинмен кездесіп, Теһран мен Мәскеудің бірнеше шетелдік мемлекеттің қолдауындағы тәкфирлік лаңкестерге бірлесе қарсы тұруының маңызды нәтижелері болғанына тоқталып: «Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсеткен америкалық коалицияның жеңілгені – бұлтартпас шындық. Бірақ олар бұрынғыдай қастандық ойластырып жатыр. Сондықтан Сирия мәселесін толығымен шешу мықты әріптестікті одан ары жалғастыруды қажет етеді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иран мен Ресейге қарсы санкцияларымен бірлесіп күресу үшін әріптестік жасауды да пайдалы деп атап: «Дұшпандардың екі ел арасында қарым‑қатынасты әлсірету үшін жасап жатқан теріс жарнамасына қарамастан Иран мен Ресей әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде екіжақты немесе көпжақты экономикалық қарым‑қатынастарда долларды айналымнан шығарып, оның орнына ұлттық валютаны қолдану арқылы америкалық санкцияларды әсерсіз қалдырып, АҚШ-ты оқшауландыра алады»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесудегі РФ Президентінің «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы және көпжақты келісімдерді сақтау қажеттігі жөніндегі сөздерін жақсы бағалап: «Өкінішке орай, америкалықтар өздерінің қарақшылығын жалғастырып жатыр. Ақылға сүйеніп, дұрыс жолдарды пайдалану арқылы олармен күресу қажет»,-деді.

РФ Президенті Владимир Путин да осы кездесуде Теһранға келіп, Ислам революциясының жетекшісімен кездескеніне қуаныш білдіріп: «Иранды стратегиялық серіктес әрі ірі көршілес ел санаймыз. Жан-жақты қатынасты кеңейтіп, нығайту үшін кез келген мұрсат пен жағдайды пайдаланамыз»,-деді.

РФ Президенті Мәскеудің «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын қолдайтынын жариялап: «Мәскеу АҚХА-нің негізгі принциптерін өзгертуді дұрыс деп санамайды. Иранның ядролық бағдарламасын басқа мәселелермен, соның ішінде қорғаныс мәселесімен байланыстыруға қарсы»,-деді.