Лариджани: Рияд лаңкестік топтарды Иранға қарай арандатуда
https://itolqyn.com/news/iran-i32074-Лариджани_Рияд_лаңкестік_топтарды_Иранға_қарай_арандатуда
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сионистік режим мен Сауд Арабиясының Иранға қарсы ынтымақтастығын қуаттап: "Рияд аймақтағы лаңкестік және революцияға қарсы топтарды ИИР-на арандатуда",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 03, 2017 19:11 Asia/Almaty
  • Лариджани: Рияд лаңкестік топтарды Иранға қарай арандатуда

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сионистік режим мен Сауд Арабиясының Иранға қарсы ынтымақтастығын қуаттап: "Рияд аймақтағы лаңкестік және революцияға қарсы топтарды ИИР-на арандатуда",- деді.

"Ханейе Мелат" (ICANA) ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Әли Лариджани бейсенбі күні Құмда сионистік режим мен Сауд Арабиясының Иранның белсенділігі мен қарсыласу қозғалысы туралы алаңдаушылықтарына тоқталып: "Тель- Авив пен Рияд өткен жылдары халықаралық және аймақ мәселелерінде Иранға қарсы шынайы әрекеттерге барды",- деді. Лариджани сөзінің бір бөлімінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын  іске асыру үдерісіндегі Вашингтонның дұшпандық әрекеттері туралы: "АҚШ пен оның еуропалық одақтастарының арасында Иранның ядролық мәселесіне қатысты келіспеушілік пайда болды",- деп баса айтты.