Зариф: Жалған құжат 11-ші қыркүйек оқиғасын ақтамайды
https://itolqyn.com/news/iran-i32075-Зариф_Жалған_құжат_11_ші_қыркүйек_оқиғасын_ақтамайды
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жалған құжат пен "әл-Қаиданың Иранмен қатысы бар" деген уәжге реакция білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 03, 2017 19:28 Asia/Almaty
  • Зариф: Жалған құжат 11-ші қыркүйек оқиғасын  ақтамайды

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жалған құжат пен "әл-Қаиданың Иранмен қатысы бар" деген уәжге реакция білдірді.

 

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Твиттердегі парақшасында әл-Қаида туралы уәждерге реакция білдіріп: "Мұнай долларларының ықпалы, АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының жалған ақпараты мен әл-Қаиданың Иранмен қатысы бар деген негізсіз құжат 2001 жылдың қыркүйек айының 11 күнгі  шабуылдағы АҚШ-тың одақтастарының рөлін ақтай алмайды",- деп жазды. Сондай-ақ Иранның Лондондағы елшісі де әл-Қаиданың бұрынғы басшысы туралы құжаттың жариялануына реакция білдіріп, Твиттерде Хиллари Клинтон туралы видеоматериал жариялады. Онда Хиллари Клинтон: "Әл-Қаиданы біз құрдық. Оларға қару-жарақпен көмектесіп, Ауғанстан мен Пәкістанға үлкен қиындық тудырдық",- деп мойындайды.
АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы жуырда жаңа құжат жариялап: "2011 жылы әл-Қаиданың бұрынғы басшысы Асаме бен Ладен террор жасаған кезде  Иранның бұл топпен қарым-қатынас болуы туралы құжатты қолға түсірдік",- деген уәж білдірген болатын.
Орталық Барлау Басқармасы 2001 жылы орын алған 11 қыркүйек оқиғасына қатысты 19 адамның 15 саудиялық және әл-Қаида мүшелері болған жағдайда Иранды әл-Қаидамен байланысты деп айыптап отыр.