Ғасеми: Хариридің қызметінен кетуі мен айтқан сөздері – аймақта текетірес тудыру мақсатындағы жаңа жоба
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Саад Хариридің Ливан премьер-министрлігі қызметінен кетуін Ливан мен аймақта жаңа қақтығыстар тудыру жобасының нышаны деп атады.
Баһрам Ғасеми сенбі күні кешке Иранның аймақтағы рөліне қарсы Хариридің айтқан сөздерін қабылдамай: "Сионистер, саудиялықтар мен америкалықтардың Иранға қарсы жалған әрі негізсіз айыптауларының Ливанның қызметінен кеткен премьер-министрі тарапынан қайталануы бұл отставкаға кету әрекетінің Ливан мен аймақта жаңа қақтығыстар тудыру мақсатындағы жаңа жоба екендігін дәлелдеп отыр. Бірақ, Ливанның күрескер халқы бұл кезеңнен де оңай өтеді.
Иран әрдайым аймақ елдеріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуын қалап, өзінің мүдделерін барлық көршілес және аймақ елдерінің тыныштығы, тұрақтылығы мен экономикалық өркендеуі негізінде қарастырады. Осы мақсатта Иран барлық елдердің тыныштығы үшін қауіпсіздік пен тұрақсыздықты және лаңкестік топтармен күресуді аймақтық саясаттардың басым бағдары ретінде анықтаған",- деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Саад Хариридің аяқ астынан отставкаға кетуінің және бұл мәлімдемені басқа елде жариялауының өкінішті әрі таңғаларлық жағдай ғана емес, сондай-ақ аймаққа жамандық тілейтін елдегі оның ойыны екенін көрсетіп отырғанын баяндап: "Бұл майданның жеңімпазы өмірінің жалғасы аймақтағы мұсылман елдері арасындағы текетірес саналатын сионистік режим болып табылады",- деді.