Рухани: Иранның қауіпсіздігі Үкіметтің бірқалыпты саясатына қарыздар
ИИР президенті Иранның қауіпсіздігінің Үкіметтің бірқалыпты саясаты мен әділетті сақтауға жасап жатқан талпыныстарына, діндердің теңдігі мен тайпалар мен мазхабтардың жүйенің саясатына деген үміті мен сенімінің артуына қарыздар екенін мәлімдеді.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күнгі Үкіметтің отырысында Систан мен Балучистан және Чахармахал-Бахтияри облыстары әкімдерін тағайындағаннан соң: "Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Балучистан облысының географиялық және шекаралық орны азат суларға қолжетімділігі мен Азия, Еуропа мен Африка аралығындағы транзитті дамыту мүмкіндігі тұрғысынан бұл облыстың ерекше маңызға ие болуына себеп болды",- деді.
Иран президенті Чахармахал-Бахтияри облысын Иранның шоқтығы деп атап, бұл облыстың жақсы табиғаты мен алуан түрлі көрікті жерлерін тілге тиек етіп, экономикалық өркендеу мен жұмыспен қамтуды ілгерілету үшін осы облыстың ішкі және сыртқы туризмін дамыту қажеттігін қуаттады.