Генерал-майор Джафари: "Иран Йеменге зымыран берді" деген уәждер негізсіз
(last modified Mon, 06 Nov 2017 09:37:30 GMT )
Қар 06, 2017 15:37 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Джафари:

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Дональд Трамптың ИИР-ның Йеменге зымыран бергені туралы уәждерін негізсіз деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор сардар Мұхаммад Али Джафари сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Дональд Трамптың ИИР Йеменге зымырандық көмек көрсетті деген уәждеріне реакция білдіріп, Трамптың негізсіз уәждерін Иранға қарсы таққан көптеген жалалардың бірі деп атады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы Иранның Йеменге зымыран тасымалдайтын мүмкіндігінің жоқ екенін айтып: "Ұшу алыстығы бұрынғы модельдерге қарағанда көбірек жаңа зымырандар Йеменнің өзіне тиесілі",- деді.

Ол сондай-ақ Ливанның қызметінен кеткен премьер-министрі Саад Хариридің Иранды аймақ істеріне араласуда деген айыптауларына негізделген сөздеріне қатысты: "Саад Хариридің қызметінен кетуі сионистік режим мен саудиялықтардың тапсырысымен жоспарланып, жүзеге асты",- деп мәлімдеді.