Иран мен Пәкістан қорғаныс саласындағы байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады
Иран Ислам республикасының Қарулы күштері Бас штабының басшысы мен Пәкістан Армиясының қолбасшысы Теһранда кездесіп, екі елдің қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
Теһранға сапармен келген Пәкістан Армиясының қолбасшысы Ғамар Джавед Баджва дүйсенбі күні Иран Ислам республикасының Қарулы күштері Бас штабының басшысы, дивизия генералы Мохаммад Бағеримен кездесіп, сұхбаттасты.
Мохаммад Бағери мен Ғамар Джавед Баджва кездесуде екіжақты және аймақтық мәселелер туралы кеңесті.
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы мен Пәкістан Армиясы штабының қолбасшысы сонымен қатар ортақ қиындықтарды шешу үшін, әсіресе екі елдің шекараларында лаңкестіктің кеңеюі саласында күресіп, өнеркәсіптік, зерттеу және білім беру салаларында қауіпсіздік-қорғаныстық байланыстарды арттыру қажеттігін қуаттады.
Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы мен Пәкістан Армиясы штабы басшысының келіссөздерінде сонымен қатар екі елдің тарихи-діни саласындағы ортақтастықтары қуатталып, осы мүмкіндіктерді халықаралық және аймақтық қауымдастықтарда пайдалану, аймақтық мәселелерді шешуде қорғаныстық және саяси әлеуеттерді іске жарату, аймақтағы ірі және мықты екі ел – Иран мен Пәкістанның бөгде елдердің араласуынсыз ынтымақтастық жасауы туралы өзекті тақырыптар да қарастырылды.
Пәкістан армиясының қолбасшысы жексенбі күні кешке ИИР-мен әскери ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында Теһранға келді.