Хатами: Иран Пәкістанның қауіпсіздігін өзінің қауіпсіздігі санайды
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі аймақ елдерінің аумақтық тұтастығы мен бірлігін және ұлттық егемендігін құрметтеуді Иранның сыртқы саясатындағы тұрақты принциптердің бірі деп мәлімдеп, осы негізде ИИР-ның Пәкістанның қауіпсіздігін өзінің қауіпсіздігі санайтынын баса айтты.
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатами сейсенбі күні Пәкістан Армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Ғамар Джавед Баджвамен Теһранда кездесуінде аймақтық және халықаралық өзгерістерге тоқталып, Ғамар Джавед Баджваның Теһрандағы құзырын тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мен екіжақты байланыстарды дамыту бағытында жоғары бағалады. Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Америка мен сионистік режимнің қастандықтарын жалғастырып отырғанын қуаттап, оларды аймақтағы лаңкестіктің ең үлкен қолдаушылары, ал Америка саясаттарының салдары болып табылатын экстремизм және лаңкестікпен күресті Ақ үй басшыларының ислам елдерінің жерлері мен олардың байлықтарына ие болу мақсатындағы сылтау деп атады.