ЭЫҰ-на мүше елдер экстремизммен күресу үшін ынтымақтастық жасауы керек
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф экстремизмнің тамырын мәдениетсіздікте деп атап, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің экстремизммен күресу үшін ынтымақтастық жасауы қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке Теһрандағы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының мәдени мекемесін аралап: "Таяу Шығыс аймағы көптеген қауіп-қатерлермен, соның ішінде тамыры мәдениетсіздікте жатқан экстремизммен бетпе-бет келіп отыр",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының басшысы Мохаммад Маһди Мазахери мен ұйымның қызметкерлеріне алғыс айтып: "Аймақтағы барлық халықаралық ұйымдардың арасында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының мәдени бірлігі жоғары. Тарихи, мәдени және діни терең қарым-қатынастар аймақ елдерін бір-біріне жақындатты",- деді.