Зариф: Барлық дағдарыстар дипломатия арқылы шешіледі
https://itolqyn.com/news/iran-i32161
ИИР Сыртқы істер министрі аймаққа жаңа дағдарыстар таңылмауы қажеттігін айтып: "Дипломатиялық жолмен шешілмейтін ешбір дағдарыс жоқ",-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 09, 2017 17:29 Asia/Almaty
  • Зариф: Барлық дағдарыстар дипломатия арқылы  шешіледі

ИИР Сыртқы істер министрі аймаққа жаңа дағдарыстар таңылмауы қажеттігін айтып: "Дипломатиялық жолмен шешілмейтін ешбір дағдарыс жоқ",-деп қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында: "Сирия дағдарысын жан-жақты диалог арқылы шешуге жақындаған сайын тура осындай шараны Йемен үшін де жасауымыз керек",-деп жазды.

ИИР Сыртқы істер министрі бомбалау, қоқан-лоққы жасау немесе отставкаға кету арқылы аймаққа жаңа дағдарыстар таңылмауы керектігін айтып: "Бұдан бұрын дипломатиялық жолмен шешілмейтін ешбір дағдарыстың жоқтығы дәлелденді. Иранның мақсаты – ешбір тарап одан кенде қалмайтын бейбітшілікті сақтап, қамтамасыз ету",-деп баса айтты.