Иран Сыртқы істер министрі Өзбекстанда іс-сапармен жүр
ИИР Сыртқы істер министрі "Орта Азияның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы" атты халықаралық конференцияға қатысу мақсатында Өзбекстанның Самарқанд қаласына барды.
Мұхаммад Джавад Зариф Өзбекстан сапары барысында осы ел басшыларымен кездесіп, сұхбаттасумен қоса, жұма күні "Орта Азияның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы" атты халықаралық конференцияға қатысады.
Самарқанд қаласында өтетін бұл конференцияға аймақтық және халықаралық тұлғалар мен басшылар қатысатын болады.
Иранның Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Тәжікстан сапары барысында осы елдің Президенті Эмомали Рахмон және Сыртқы істер министрі Сироджеддин Асловпен кездесіп, екіжақты байланыстарды дамыту жолдары, аймақтық және халықаралық тақырыптар туралы сұхбаттасты.
Сонымен қатар, ИИР-ның Тәжікстан астанасы Душанбе қаласындағы елшілігінің жаңа ғимараты екі ел Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен ресми түрде ашылды.