Ғасеми: Саудиялықтардың дүмбілез саясаттарының салдарлары бүкіл аймаққа зиян тигізеді
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Ғасеми Арабстан Сыртқы Істер Министрінің жуырдағы соғысқұмар сөзіне реакция білдіріп: «Саудиялықтардың өз кінәсін өзгеге таңуы, дүмбілез саясаттары мен жік салу әрекеттерінің салдарлары бүкіл аймақ үшін зиянды.
Арабстан Сыртқы Істер Министрі барлық шындықтардың өңін айналдырып көрсету арқылы қоғамдық пікірдің назарын осы елдің аймақта тұрақсыздық тудырушы әрекеттерінен алдарқатып, Парсы шығанағы аймағы елдері мен Йемен мен Ливанда бейберекеттік тудыру үшін бос талпыныс жасап отыр» деді.
Ғасеми Арабстанның Йемендегі шектен шыққан соғыс қылмыстарына тоқталып: «Арабстан өзі экстремизмнің ошағы әрі лаңкестік әрекеттердің әшкере көрінісі және аймақ елдерінің ішкі істеріне қисынсыз түрде араласып отырған ел бола тұра басқаларды лаңкестікті қолдаушы деп жалған айыптап отыр» деді. Ғасеми Иранның халықаралық және аймақтық деңгейде тұрақтылық пен қауіпсіздік және тыныштық орнату бағытындағы талпыныстарын қуаттап: «Қазіргі таңда дүмбілез экстремистік саясаттарға шырмалып отырған аймақтың дағдарысты жағдайы оның бүлдіргі салдарларымен қарсыласу үшін аймақтың барлық елдерінің хабардарлығы мен қырағылығын және шынайы ерік-жігерін қажет етеді» деді.