Амир Абдоллахиан Сирияның Набль және Әз-Заһра қалалары қоршауының аяқталуымен құттықтады
(last modified Thu, 04 Feb 2016 12:45:37 GMT )
Ақп 04, 2016 18:45 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан Сирияның Набль және Әз-Заһра қалалары қоршауының  аяқталуымен құттықтады

Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары Сирия әскері мен халқын Набль және Әз-Заһра қалаларының тәкфіршіл лаңкестердің қоршауынан босатылуымен құттықтады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Амир Абдоллахиан: «Набль және Әз-Заһра қалаларының төрт жылға созылған қоршауы мен олардың халқына гуманитарлық көмек көрсетуге рұқсат етпеу бұл аймақтағы лаңкестердің қатыгездігін көрсетті. Сирияның келешегінде лаңкестерге орын қалмайды. БҰҰ-ның белсенділігі және Сирия үкіметі мен наразы өкілдерінің қатысуымен және лаңкестікпен шынайы күресу мәселесіне қатысты өткізілетін Женева келіссөздері Сирия дағдарысын шешетін маңызды жол»,- деп қуаттады.

Сирия әскері Түркия шекарасына жақын Алеппо аймағындағы Набль және Әз-Заһра қалаларының қоршауын төрт жарым жылдан кейін тоқтатты.

Төрт жарым жылдан бері тәкфіршіл лаңкестердің қоршауына түскен Сирияның Набль және Әз-Заһра қалалары көптеген қиындықтармен кезікті. Сирия дағдарысы басталудан бұрын бұл екі қалада 70 мың адам өмір сүрді.