Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы баспасөз маслихатын өткізді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның принципті саясатына сәйкес Теһранның басқа елдердің ішкі істеріне ешқашан араласпайтынын қуаттады.
Иран Телерадио ұйымы шетелдік торабының мәліметі бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми бүгін дүйсенбі күні ұлттық және шетелдік тілшілермен өткізген баспасөз маслихатында Иранның әрдайым Ливанның қауіпсіздігінің тұрақтылығы мен тыныштығын қалайтынын қуаттап: «Осы елдің премьер-министрі Саад ал-Хариридің отставкаға кету тақырыбы ливандықтардың өздеріне қатысты» деді.
Ғасеми Иран Телерадио ұйымы шетелдік торабының тілшісі мен басқа да ақпарат құралдарының Арабстанның Иранға қарсы Араб одағының төтенше отырысын өткізу үшін өтініш жасағаны туралы сұрағына: «Бұл тектес әрекеттердің Арабстан тарапынан жасалуы соны іс емес. Ал-Сауд басшылары ішкі және сыртқы қиындықтары мен үздіксіз жеңілістеріне байланысты Иранға қарсы консенсус қалыптастыруға әрекет жасауда» деді.
Ғасеми Макронның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы ұстанымын сынға алып: «Франция президенті ағат сөз айтты. Франциялық басшылар аймақ мәселелеріне байсалдырақ және қырағылықпен қарауы керек. Себебі, кейбіреулер екі елдің байланыстарына әсер етуді көздеуде» деді.