Иран халықаралық қауымдастыққа алғыс айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i32219-Иран_халықаралық_қауымдастыққа_алғыс_айтты
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні таңертең Твиттердегі парақшасында әртүрлі мемлекеттердің қайғыға ортақтастықтарын білдіріп, Иранның батысында орын алған жерсілкінісіне көмектесуге ұсыныс білдіруіне алғыс айтуымен бірге Иранның жерсілкінісі дағдарысын жергілікті мүмкіндіктерді пайдаланып басқаратын әлеуетке ие екендігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 14, 2017 14:19 Asia/Almaty
  • Иран халықаралық қауымдастыққа алғыс айтты

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні таңертең Твиттердегі парақшасында әртүрлі мемлекеттердің қайғыға ортақтастықтарын білдіріп, Иранның батысында орын алған жерсілкінісіне көмектесуге ұсыныс білдіруіне алғыс айтуымен бірге Иранның жерсілкінісі дағдарысын жергілікті мүмкіндіктерді пайдаланып басқаратын әлеуетке ие екендігін қуаттады.

Жапония, Катар, Грузия және Голландия Сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік департаменті Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке көңіл айтып, елдерінің Иранның зілзаладан зардап шеккен аймақтарына көмек жіберуге дайын екендіктерін хабарлады.

Бұдан бұрын Сирия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия Президенттері мен Ресей, Түркия, Италия Премьер-министрлері, Кувейт Әмірі, Федерика Могерини, Антониу Гутерреш  және Йеменнің саяси жоғары кеңесінің басшысы жеке-жеке жолдау жіберіп, Иран үкіметі мен халқының қайғыларына  ортақтастықтарын  білдіріп, көмек жіберуге әзірліктерін жариялаған болатын.