Лариджани: Адам құқығы мәселесіне қатысты Иранға қарсы айыптаулар негізсіз
Иранның Жоғары соты Адам құқығы мәселесіне қатысты Иранға қарсы айыптауларды революцияға қарсы лаңкестік топтың уәждері деп атап, оның негізсіз екендігін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, аятолла Амоли Лариджани сейсенбі күні Иранның Жоғары сотының адам құқығы штабының 11-ші отырысынан кейін журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: "ИИР өткен 40 жылда өз халқы мен жалпы адам құқықтары мәселелеріне қатысты жаңа жұмыстарды іске асырып, көптеген заңдарды бекітті. Аймақтың кейбір мемлекеттерінде тіпті бір рет сайлау өтпеген жағдайда Иран жыл сайын сайлау өткізеді. Бірақ адам құқығын бұзды деп айыпталады",- деді. Ол сондай-ақ, билікқұмар мемлекеттердің аймақтағы адам құқығы мәселесіне екіұшты ұстаным білдіретіндіктеріне тоқталып: "ИИР ақпарат құралдарында көбірек белсенділік танытып, Батысты әлем мен аймақтағы адам құқығына қарсы әрекеттерді қолдауы үшін жауапқа тартуы керек",- деді.