Қар 15, 2017 20:39 Asia/Almaty
  • Аракчи: Азияның батысындағы қарулану үдерісі алаңдатарлық

Иран СІМ-нің орынбасары Азияның батысының әлемнің ең үлкен қару-жарақ нарығына айналғанын айтып, осы аймақтағы қарулану үдерісін алаңдатарлық деп атады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы Істер Министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Сейед Аббас Аракчи бүгін сәрсенбі күні Теһранда өткен «Азияның батысындағы қарулану үдерісі және аймақ қауіпсіздігі» атты халықаралық семинарда Азияның батысындағы ең үлкен қару сатып алушы елдер деп Арабстан мен Катарды, БАӘ мен Түркияны атап: «Бұлар қару-жарақты Америкадан сатып алады. Сионистік режим 85-400 ядролық оқтұмсыққа ие. «Ядролық қарудан ада Таяу Шығыс» идеясы аймақта жетпісінші жылдары көтерілді. Мысыр мен Иран осы идеяның негізін қалады. Алайда негізгі кедергі сионистік режим болды. Израиль ядролық қарудан ада аймақтың құрылуына бөгет болып отыр» деді.

 

 

Тегтер