Қар 16, 2017 18:08 Asia/Almaty
  • Азияның батысында қауіпсіздік орнатудың құрамдас бөліктерін Иранның көзқарасы тұрғысынан  сараптау

Иранның аймақтағы саясаты бейбітшілікке, тұрақтылық пен тыныштыққа негізделген. ИИР қақтығыстарды азайтуға себеп болатын кез-келген саясатты қолдап, міндетті түрде оған атсалысады. Алайда алдымен аймақтағы қауіп пен тұрақсыздықтың түп-тамырын дұрыстап анықтап алған жөн.

Иран Сыртқы істер министрінің халықаралық және құқықтық істер жөніндегі орынбасары Сейіт Аббас Арақчи сәрсенбі күні Теһранда өткен "Азияның батысындағы қаруландыру үдерістері мен қауіпсіздік мәселесі" атты халықаралық семинарда сөйлеген сөзінде Иранның Азияның батысындағы қауіпсіздік саласындағы қиындықтарға қатысты  көзқарастарын баяндап, аймақтағы әдеттен тыс қарулануға қатысты бәсекелестіктерге сілтеме жасады.

Арақчи аймақтағы үсті-үстіне жалғасқан дағдарыстар мен қақтығыстардың барлығынан қару-жарақ сатушыларының ізін байқауға болатынын айтып: "Батыс елдерінің қару-жарақ сатуға құлшынысы мен оның мол экономикалық пайдасы олардың Таяу Шығыс аймағында дағдарыс пен қақтығыс тудыру және қауіпсіздік орнатуға деген ықыластарына негіз қалайтын факторлардың қатарын құрайды",- деді.

Трамптың аймаққа жасаған алғашқы сапары барысында Арабстан мен АҚШ арасында құны 400 миллард долларды құрайтын келісімге қол қою осы салада қарастыруды қажет ететін маңызды жайттардың бірі саналады. Себебі, бір-бірімен байланысқан бұл әрекеттер аймақ қауіпсіздігін қиындыққа ұшыратты. Бұл сионистік режим осы мүмкіндікті пайдаланып, өзінің қауіпті саясаттарын жалғастырып, дәстүрлі емес жаппай қырып-жоятын  қаруларды жинап жатқан жағдайда орын алып отыр.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Азияның батысының қауіпсіздігіне арналған отырыста осы мәселеге байланысты: "Зерттеу нәтижелері сионистік режимнің 85-400 ядролық оқтұмсықтарының бар екендігін көрсетіп отыр",- деді.

Сауд Арабиясының жетекшілігімен аймақта қатер тудыру мақсатындағы бұл жасырын шындықтар мен үдерістер АҚШ пен сионистік режимнің аймақта туындап отырған дағдарыс пен тұрақсыздықтың негізгі қайнар көздері екенін дәлелдеп отыр. Соңғы жиырма жылдың ішінде орын алған өзгерістерге көз жүгіртетін болсақ, Азияның батысында орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі аймақтың шынайы қажеттіліктері негізіндегі қауіпсіздік тәсілдері мен жағлайыға назар аударудың орнына бөгделердің ықпалына түсіп, алауыздық,  жікшілдік тудыру жолында қадам басып келген. Бұл әрекеттердің жиынтығы аймақ елдерінің арасында бір-біріне деген сенімсіздіктің туындауына себеп болып, АҚШ-тың араласушылық әрекеттеріне негіз дайындады.

"Абраре моассере Теһран" ғылыми-зерттеу институты басшысының орынбасары Беһзад Ахмади: "Соңғы жылдары орын алған өзгерістер АҚШ-тың көбірек экономикалық пайда табу мақсатында таңдамалы сыртқы саясатқа көшіп, халықаралық жауапкершіліктерін азайтып, оларды одақтастарына артуына себеп болды",- деді.

Бұл аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату үшін негізгі үш принципті түсінуді қажет ететін жағдайда орын алып отыр:

бірінші принцип – қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатерлерді дұрыс әрі жан-жақты түсіну;

екінші принцип – аймақтық интеграция бағытында әрекет етіп, біржақты тәсілдер мен механизмдерден аулақ болу;

үшінші принцип – ұзақ мерзімді және стратегиялық бағдарламаларды жоспарлау.

ИИР қауіпсіздік мәселесіне байланысты жалпы өзара әрекеттестікке сенім артады. Иран, Ресей мен Түркияның Сирия дағдарысын шешудегі үшжақты өзара әрекеттестігі аймақ елдерінің кейбір салалардағы көзқарастарының өзгешелігіне қарамастан, аймақтық әлеуеттерін пайдалана алатынын көрсеткен өзара әрекеттестіктің жақсы мысалы болып табылады.

 

Тегтер