Иран президенті ислам елдері бірлігінің қажеттілігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i3229
ИИР президенті ислам әлемінің қиыншылықтарын шешу мақсатында ислам елдерінің бірлігін сақтауға мүдделілік танытты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 26, 2016 22:42 Asia/Almaty
  • Иран президенті ислам елдері бірлігінің қажеттілігін қуаттады

ИИР президенті ислам әлемінің қиыншылықтарын шешу мақсатында ислам елдерінің бірлігін сақтауға мүдделілік танытты.

ИРНА-ның хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Исламабадта Пәкістан үкімет басшысының Сыртқы істер бойынша кеңесшісі Сартадж Азизбен кездесуінде Иран саясатының көршілер және өзге елдермен достықты күшейту екенін баяндап, ислам әлемінің қиыншылықтарын шешу үшін Ислам елдерінің бірігуі керектігін қуаттады.

Рухани сондай-ақ Иран мен Пәкістанның ұзақ шекараларына сілтеме жасап: «Осы шекаралар екі елдің достық және абаттандыру шекарасы болуы керек. Осы шеңберде шекаралық ортақ аймақтар құру арқылы сауданы күшейту қажет» деді.

Пәкістан үкімет басшысының сыртқы істер бойынша кеңесшісі де: «Исламабад Теһранмен барлық салаларда ынтымақтастықтарды кеңейтуге дайын. Иран мен Пәкістан ынтымақтастықтарының құжаттары тезірек қорытындыланып, күшіне енгізілуі керек. Сонда екі елдің байланысында мағыналы қадам жасалады» деді.

Пәкістан СІМ- нің жауапты қайраткері Сартадж Азиз сондай- ақ Иран мен Пәкістан порттары арасындағы байланыс жолдары мен ынтымақтастықты күшейтуді қос жақты байланыстар деңгейін жоғарылату бағытындағы бағалы қадам деп атап, аймақтағы лаңкестіктің түйткіліне де сілтеме жасап: «Исламабад аймақта лаңкестік және әсірешілдікпен күресу саласында Иранмен ынтымақтастық жасауға әзір» деді.