Иран: Тәкфиршіл идеология – саудиялықтардың "өнімі"
(last modified Sat, 18 Nov 2017 12:12:21 GMT )
Қар 18, 2017 18:12 Asia/Almaty
  • Иран: Тәкфиршіл идеология – саудиялықтардың

ИИР-ның БҰҰ-дағы кеңесшісі тәкфиршіл идеологияның саудиялықтардың "өнімі" екенін баса айтып: "Сауд Арабиясы өзінің қате таңдауының салдарларын қабылдауы тиіс" ,- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Хасан Неджад Пиркуһи жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясының Үшінші комитетінде сейсенбі күні Канаданың Ирандағы адам құқықтарына қатысты әрекеттерге қарсы ұсынған қарарын бекітуге байланысты Сауд Арабиясы өкілінің ИИР-ға қарсы айыптауларына білдірген реакцияда Канада мен Сауд Арабиясының Иранға қарсы қарар жайында кеңесуін күлкілі деп атады.

ИИР-ның БҰҰ-дағы кеңесшісі Сауд әулеті режимінің бөлінуді талап етуші лаңкестік топтарға қолдау көрсетуіне сілтеме жасап: "Саудиялықтардың өнімі саналатын тәкфиршіл идеология басқалардың көзін құртуды қалайтын басқыншы секілді әрекет етеді.

Саудиялықтардың ақшасы мен ойлау тәсілі 2003 жылдан кейін тек Усама бен Ладенді ғана емес, сондай-ақ 11-қыркүйек оқиғасын жүзеге асырған 19 адамның 15-ін қалыптастырды.

Сауд Арабиясы жанкештілік жарылыс пен ДАИШ-тың шетелдік лаңкестерінің қажеттіліктерін басқа елдерден гөрі көбірек қамтамасыз етіп отырады",- деді.