Зариф жексенбі күні Түркияға іс-сапармен барады
(last modified Sat, 18 Nov 2017 15:48:56 GMT )
Қар 18, 2017 21:48 Asia/Almaty
  • Зариф жексенбі күні Түркияға іс-сапармен барады

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі ертең жексенбі күні Түркия мен Ресей Сыртқы Істер Министрлерімен Сирияның соңғы өзгерістері туралы кеңесу үшін Түркияға барады.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф пен Түркия СІМ Мевлют Чавушоглу және Ресей СІМ Сергей Лавров Түркияның Анталия қаласында өтетін бір күндік отырыста Астана келіссөздерінің барысы туралы сөйлеседі.

Теһранда да бүгін Астана келіссөздерінің үдерісі туралы Иран мен Ресей және Түркияның сарапшылық деңгейдегі үшжақты келіссөздері өтті.

ИИР мен Түркия және Ресей президенттері де қарашаның 22 күні Ресейдің Сочи қаласында Сирияның соңғы өзгерістері туралы сұхбаттасады.

Осы уақытқа дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Сирия үкіметі мен атысты тоқтату бітімін қабылдайтын қарулы қарсыластардың, сонымен қатар Сириядағы бейбітшілікті кепілдендіруші үш ел – Иран мен Ресей және Түркия делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейдегі келіссөздердің жеті кезеңі өтті.

Келіссөздердің негізгі нәтижесі Сирияда қақтығыстар азайтылған аймақтар құру болды. Келіссөздер ИИР-ның бастамасы мен Ресей және Түркияның ынтымақтастығымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында өткізілді.

 

Тегтер