Зангане: Total қалыпты жағдайда Оңтүстік Парс алаңындағы 11 кезеңге қатысты келісімнен шыға алмайды
Қар 19, 2017 17:44 Asia/Almaty
ИИР-ның Мұнай министрі Францияның Total компаниясының басшылығындағы консорциуммен қол қойған Оңтүстік Парс алаңындағы 11 кезеңді дамыту туралы келісімді заңды деп атап: "Total компаниясы қалыпты жағдайда бұл жобадан шыға алмайды",- деп мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Бижан Зангане сенбі күні: "Total бұл жобадан тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы халықаралық санкция жариялаған жағдайда ғана шыға алады",- деп баса айтты.
Франциялық Total компаниясының атқарушы директоры Патрик Пуйаннэ жуырда АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкция жариялау ықтималдығына қатысты алаңдаушылық білдіріп: "Егер АҚШ Иранға қарсы жаңа санкция жариялайтын болса, бұл компания Оңтүстік Парс газ алаңын дамыту туралы келісімін қайта қарастырады",- деп мәлімдеген болатын.
АҚШ Total компаниясына Иранмен келісімнің күшін жою үшін қысым жасап отыр.
Total компаниясы шілде айында Иранның Ұлттық мұнай компаниясымен құны 400 миллиард 800 миллион долларды құрайтын Оңтүстік Парс алаңындағы 11 кезеңді дамыту туралы келісімге қол қойды.
Тегтер