Лариджани: Зілзала барысында Иран халқы өзінің ұлттық бірлігін көрсетті
(last modified Mon, 20 Nov 2017 10:08:15 GMT )
Қар 20, 2017 16:08 Asia/Almaty
  • Лариджани: Зілзала барысында Иран халқы өзінің ұлттық бірлігін көрсетті

Иранның Исламдық кеңес Мәжілісінің төрағасы: "Иран халқы елдің батысында орын алған зілзала барысында ұлттық бірліктің бағытын көрсетіп, зілзаладан жапа шеккендердің алаңдаушылықтарын жойып, оларға үміт сыйлады",- деді.

Али Лариджани жексенбі күні кешке Керманшаһ облысының Дағдарысты басқару штабының отырысында Керманшаһ облысында зілзаладан зардап шеккендердің қайғысына ортақтастық білдіріп, оларға көмек көрсеткені үшін Иран халқына алғыс айтып: "Зілзаладан зардап шеккендер алаңдамасын. Себебі, елдің барлық жауапты тұлғалары бұл аймақты қалыпты өмір жағдайына қайтару үшін талпыныс жасап жатыр",- деп баса айтты.

Иран Мәжілісінің төрағасы зілзаладан зардап шеккендерді уақытша мекендерге орналастырып, одан кейін олардың қираған үйлерін қалпына келтіру қажеттігін қуаттап: "Бұл аймақтың халқына жеткілікті мөлшерде шатыр мен алғашқы қажеттіліктер, әсіресе азық-түлік жеткізілді. Қызмет көрсету үдерісі де алғашқы күндермен салыстырғанда жақсырақ жүйе мен қалыпқа түсті",- деді.

Қарашаның он екісі күні кешке Иранның батыс аймағында Рихтер бағамы бойынша 7,3 балдық жер сілкінісі орын алды. Зілзала салдарынан 437 адамның жан тапсырып, 10 203 адамның жарақат алғаны жарияланды.