Мәртебелі жетекші: Басшылар зілзаладан зардап шеккен аймақтардағы талпыныстарын екі есе арттырсын
(last modified Mon, 20 Nov 2017 16:05:59 GMT )
Қар 20, 2017 22:05 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекші: Басшылар зілзаладан зардап шеккен аймақтардағы талпыныстарын екі есе арттырсын

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бүгін таңертең Иранның батысындағы Керманшаһ облысының Сарпол Заһаб шаһрестанындағы зілзала болған аймақтарды аралау барысында: «Басшылар талпыныстарын екі есе арттырсын. Қазіргі жағдайға көңілім толмайды» деп қуаттады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи: «Басшылар осы жерсілкінісі кезінде  кейбір бөлімдер бойынша жұмыстарын жақсы атқарып, көп еңбек етті. Оқиға болған алғашқы сағаттарда-ақ әскер қалаларда, Ислам революциясының Сақшылар корпусы ауылдарда әсерлі түрде әрекет етіп, үйінділер мен қираулардың астында қалған адамдарға көмектесуге асықты. Бірақ, талпыныстардың мұндай мөлшері мені қанағаттандырмайды. Басшылар әртүрлі салаларда өздерінің талпыныстары мен күрестерін екі есе арттыруы керек» деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи халыққа: «Мейірбан, адал халқым! Сіздердің қалаларыңызға жүректеріңіз бүгінгідей қайғыға душар болып, бастарыңызға күн туған қиын-қыстау күндері емес, жандарыңыз қуанышқа толы, өмірлеріңіз шат кезде келгім келген» деді. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Керманшаһ облысы халқынының Қасиетті қорғаныс жылдарындағы күресін, жанкештілігі мен табандылығын тілге тиек етіп: «Сабырлы да мейірбан халқым! Қалаларыңыз бен оның айналасындағы қалалардың мұндай қиындыққа душар болып отырғаны алғашқы рет емес. Сіздер таңылған соғыс жылдары қиындықтар мен тауқіметтерге табандылық танытып, нағыз ерлерше күрестіңіздер. Бүгін де осындай қасиеттерді көрсетесіздер. Батыл, мықты адамдар оқиғаларға қарсы тұрып, сол оқиғаларды өздерінің ерік-жігерімен жеңеді. Зілзалалар мен апаттар, ауыртпашылықтар соншама қиын болып, қиратуымен баршаны қайғыға салып, қинағанымен, осы жерсілкінісі халықтың табандылығы мен олардың қайта өмір сүруге, елді өркендетіп, қайта құруға деген талпыныстарының арқасында нығметке айналады. Бұл оқиға Иран халқын қозғалысқа түсірді. Елдің барлық жеріндегі халықтың ойы Керманшаһта болып, өздерін Керманшаһтың алдында қарыздар санаған сезіммен шама-шарықтары келгенше көмектесті» деді.

Ислам революциясының жетекшісі тағы бірнеше ауылға барып, зілзаладан зардап шеккен халықпен сөйлесті. 

 

Тегтер