Иранның Сот билігінің басшысы: Арабстан –аймақтағы зұлымдықтың өзегі
Иранның Сот билігінің басшысы Арабстанды аймақтағы зұлымдықтың өзегі деп атап, Америка мен осы елдің аймақтағы одақтастарының сұрқия, бейбастақ түрткілерге ие жоспарларына қарсы табандылық танытып, аймақ халықтарының неғұрлым көбірек бірігуі қажеттігін қуаттады.
Аятолла Амоли Лариджани Йемен халқының қиын жағдайына сілтеме жасап: «Арабстанның Йеменнің мазлұм халқын рақымсыздықпен қыруы – соғыс қылмысының айқын дәлелі. Йеменді қоршауға алуы да халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ның мойындауы бойынша адами апат, адамзатқа қарсы қылмыс» деді. Иран Сот билігінің басшысы адам құқығы туралы уәж айтатын ұйымдардың Арабстанның Йемендегі қылмыстары алдында үнсіздік танытып отырғанына тоқталып: «Батыс елдері, соның ішінде Америка Арабстанның Йемен халқына қарсы қылмыстарын қолдайды. Арабстанға үлкен көлемде қару сатуы бұл істің Америка тарапынан жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді» деді.