Генерал Солеймани Ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне ДАИШ-тің билігінің аяқталғанын мәлімдеді
Иранның Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне ДАИШ-тың сұм билігінің аяқталғанын мәлімдеді.
Sepah News агенттігінің мәліметі бойынша Иранның Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани бүгін сейсенбі күні хазірет аятолла Хаменеиге жолдауында: «Осы майданға жоғары мәртебелі тарапынан шақырылған қарапайым сарбаз ДАИШ-тің соңғы қамалы Букамал қаласын азат ету амалдарының аяқталуы нәтижесінде америкалық-сионистік топтың туының төмен түсіріліп, Сирияның туының тігілуімен осы қарғыс атқыр сұрқия топтың билігінің аяқталғанын жариялаймын" деді.
Генерал Солеймани мұсылмандардың жандары мен намыстарын, олардың қасиеттіліктерін қорғау үшін өз жандарын пида еткен барлық қолбасшылар мен Иран, Ирак, Сирия, Ливан мен Ауғанстан және Пәкістанның осы майданда күрескен белгісіз сарбаздары мен мыңдаған шәһидтің, қасиетті кесенелерді қорғаған күрескерлердің атынан осынау ұлы, тағдырды анықтаушы жеңіспен Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі мен Иран халқын, Ирак пен Сирияның мазлұм халқын және әлемнің барлық мұсылмандарын құттықтады.
Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы: «Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи мен Ирак мұсылмандарының жетекшісі хазірет аятолла Систанидің көреген, дана басшылығы осы улы дауылмен күресу үшін барлық мүмкіндікті жұмылдыруға себеп болды. Ирак пен Сирия үкіметтерінің табандылығы мен екі елдің әскерлері мен жастарының, әсіресе Хашд аш-Шааби күштері мен басқа да мұсылман елдері жастарының қайсарлықтары, сонымен қатар Сейед Хасан Насролланың басшылығындағы Хезболла күштерінің айбынды құзыры осы қатерлі құбылыстың жеңіліс табуында шешуші рөл атқарғаны шәксіз. Бұл қылмыстардың барлығы Американың қазіргі ең жоғары деңгейлі басшысының мойындауына сәйкес, осы елмен байланысты басшылар мен ұйымдар арқылы жобаланып, жүзеге асырылған» деді.