Рухани: ДАИШ-тің жеңілісі Иран мен аймақ халықтары үшін жақсы хабар болды
(last modified Tue, 21 Nov 2017 15:17:22 GMT )
Қар 21, 2017 21:17 Asia/Almaty
  • Рухани: ДАИШ-тің жеңілісі Иран мен аймақ халықтары үшін жақсы хабар болды

ИИР-ның президенті ДАИШ лаңкестік тобының Сириядан тамырының жұлынуын Иран мен аймақ халықтары үшін жақсы хабар деп бағалады.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани бүгін Теһранда «Диқан үйінің» республикалық бесінші конгресінде сөйлеген сөзінде ДАИШ-тің жеңілісімен Ислам революциясының мәртебелі жетекшісін, Армия мен Сақшылар корпусын, әсіресе генерал Ғасем Солеймани мен ирандық дипломаттарды құттықтап: «ДАИШ алпауыт елдер мен аймақтағы кейбір кертартпа режимдер тарапынан қаржыландырып, қару-жарақпен қамтамасыз етілген лаңкестік топ болды» деді.

Ол сонымен қатар Араб одағының әрекеттеріне өкініш білдіріп: «Ескі, іріп-шіріген, ықпалдан кенде, қауқарсыз «Араб одағы» деген бір ұйымның Сыртқы істер министрлері жиналып, Йемен халқы екі жылдық шапқыншылық пен басқыншылықтан кейін сол әрекеттерге қалай жауап бере алды деп ойланып, өкініш білдіріп, Йемен халқы Риядқа атқан зымыранға реніш танытып отыр.

Ирак пен Сирия және Йемен халықтары араб әлемінің қатарына жатпайды ма? Бұл әрекеттер бүгінгі әлемде тек өзімізге ғана сеніп, ұлттық, әскери, экономикалық билік пен азық-түлік қауіпсіздігі өзіміз тарапымыздан қамтамасыз етілуі керек деген шындықты дәлелдеген белгілер болды» деді.