Ислам революциясының жетекшісі: ДАИШ билігінің аяқталуы АҚШ пен оған тәуелді режимдерге соққы берді
(last modified Wed, 22 Nov 2017 09:11:31 GMT )
Қар 22, 2017 15:11 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: ДАИШ билігінің аяқталуы АҚШ пен оған тәуелді режимдерге соққы берді

Иран Ислам революциясының жетекшісі: "ДАИШ-тың сұм билігінің аяқталуы Батыс Азия аймағында өздері мен заңсыз сионистік режимнің билігін орнату мақсатында бұл топты құрып, оған жан-жақты қолдау көрсеткен АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтері мен аймақтағы соларға тәуелді режимдер үшін соққы болды",- деп қуаттады.

Діни жетекшінің баспасөз орталығының мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи Ислам революциясының Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Ғасем Солейманидің хатына берген жауапта: "Сіз бен қызметтестеріңіздің жанкештілігіне береке берген Ұлы Аллаға алғысымды айтамын. Сіздердің, адал пенделердің арқасында жендеттердің қолына түскен сұм билік  Сирия мен Иракта тамырынан жойылды. Бұл тек қиянатшыл, жүзіқара ДАИШ тобына ғана берілген соққы болған жоқ. Бұл аймақта азамат соғысын ашып, сионистерге қарсы қарсыласу қозғалысын жойып,  адасқан топтың қатыгез басшылары арқылы тәуелсіз мемлекеттерді әлсіретуді көздеген сұм саясатқа берілген соққы болды. Сіздер осы обыр безін жойып, аймақ пен ислам әлеміне ғана емес барлық халықтарға, бүкіл адамзатқа үлкен еңбек сіңірдіңіздер" деді.

Аятолла Хаменеи жеңіспен құттықтап: "Дұшпанға немқұрайдылық танытпаңыздар. Бұл сұм қастыққа көптеген қаржы жұмсағандар қарап отырмайды. Олар аймақтың басқа бөлімдерінде және басқа жолдармен қастандықтарын іске асыруға әрекет жасайды. Сондықтан ықылас, қырағылық, бірлік сақталып, кез келген қатердің алды алынып, мәдени жұмыстар мен жан-жақты дайындық ұмытылмауы керек. Сіздерді және Ирак пен Сириядағы, сондай-ақ басқа елдердегі жанкешті бауырларыңызды Ұлы Аллаға тапсырып, баршаңызға сәлем жолдап, дұға тілеймін",- деп қуаттады.