Генерал Солейманидың маңызды жолдауына шолу
Генерал Солеймани Ислам революциясы жетекшісіне жолдаған маңызды хатында Ирак пен Сириядағы ДАИШ билігінің аяқталғанын мәлімдеп, лаңкестік топқа АҚШ-тың көмектескенін қуаттады.
Генерал Солейманидың ДАИШ билігінің аяқталуын жариялауы ДАИШ-тың соңғы бекінісі қиратылып, бұл топтың әлемнің картасынан жойылуына себеп болған Букамалдағы жеңіске жеткізген әрекеттерді қуаттауы болды. Иранның ДАИШ-тың жеңілуіне себеп болған ең маңызды фактор ретіндегі рөлі өте маңызды. Өйткені, ислам әлемі мен араб әлемінің қоғамдық пікірі осы кезде Иранды өздерінің құтқарушысы ретінде мойындап, оның рөлін мадақтап отыр.
Дүйсенбі кешке Ливан Хизболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Иранға аймақ елдерін лаңкестіктен азат еткені үшін алғыс айтып, араб үкіметтеріне: "Генерал Солеймани іс жүзінде ДАИШ-ке қарсы соғысқа жауынгерлерімен бірге қатысты. Сендердің әскерилерің мен қолбасшыларың мұндай жағдайда қайда болды?"- деді.
Сирия мен Ирактағы ДАИШ-тың жойылуынан кейін және қарсыласу шебі аймақ өзгерістерінде маңызды рөл атқарып отырған жағдайда араб үкіметтері КаирдеИранға қарсы уәждерін қайталап, Ислам респбуликасының қоғамдық беделінің артуының алдын алмақ болды. Бірақ, бұл үгіт-насихат араб елдерінің көбінің қатыспауы мен аймақ үкіметтерінің бірлігінің жоқтығына байланысты сәтсіздікке ұшырап, Рияд қайтадан оқшау қалды.
Аймақтағы Иранға қарсы нәтижесіз талпыныстармен орайлас Иран, Ресей мен Түркия елдері дипломатиялық салада жақын арада Мәскеуде жиналып, Сирия үкіметінің жағдайын тұрақтандыру және сириялық босқындардың өз еліне оралу үшін қажет жағдай тудыру туралы мәселелерді талқылайды. Әрине, егер Иранның майдандағы қарсыласуы және қасиетті кесенелерді қорғаушылардың жанкештілігі болмағанда, ирандық, ресейлік және түркиялық дипломаттар Мәскеуде жиналып, Дамаскке тыныштық пен қауіпсіздікті қайтару үшін қажет жұмыстар туралы сөйлесе алмайтын еді.
Иран мен одақтастарының аймақтағы жеңістері бір жағынан, Риядтың дипломатиялық және майдан алаңдарындағы сәтсіздіктері басқа жақтан Сауд режимінің аймақты текетіреске душар етіп, Қатарды соғысқа итермелеу әрекеттері нәтижеге жетпегеннен кейін Ливанға кірісіп, бұл елді тынышсыздықтарға тіремек болуына себеп болды. Йемендегі соғысына шырмалған Сауд режимінің әскери қоқан-лоққылары енді қорқыныш тудыра алмайды. ДАИШ-тың жойылуымен Сауд режимінің саяси-әскери зорлық-зомбылығы аяқталды. Енді Бен Салман аймақтың жаңа шындықтарымен санасуы керек болады.
Бұл шындықтар аймақтың лаңкестік дағдарысынан толық өтіп, аймаққа тұрақтылықты қайтару және АҚШ сынды трансаймақтық күштерді аймақ істеріне араластырмауға негізделген жаңа жүйені жобалау қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, саяси ғұмыры құлдырап келе жатқан сионистік режимге саяси және әскери тәуелді үкіметтердің аймақтың жаңа теңгеріміне ықпал ете алмайтындығын білгені жөн.