Велаяти: Иран көршілес елдерді қорғау үшін аянып қалмайды
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "ИИР-дың аймақтағы ықпалы мақтан тұтарлық болды. Себебі, бұл ықпал достық сипатқа ие. ИИР өз көршілерін қорғау үшін аянып қалмайды",- деді.
Али Акбар Велаяти Иранның екінші телеарнасының «Эксклюзивті сұхбат» атты бағдарламасында Иранды қарсыласудың өзегі деп атап: "Егер ИИР Сирия, Ирак пен Ливанға көмектеспегенде, қазір Бағдад, Дамаск пен Бейрут ДАИШ-тың қол астында болар еді",- деді.
Жетекшінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иранның тарихта шамасы келгенше өз шекараларынан тыс жердегі дұшпандарымен күрескенін баяндап: "Сирия мен Ирактың қазіргі үкіметтерінің басшыларының айтқан сөздеріне сәйкес, ДАИШ-пен соғысу үшін өздері Ираннан көмек сұраған",- деп мәлімдеді.
Али Акбар Велаяти ДАИШ-тың америкалықтардың Blackwater компаниясының бір үлгісі екенін айтып: "Сионисттер мен америкалықтар мұсылмандарды мәдениетке қарсы деп айту үшін ДАИШ арқылы мәдени ескерткіштердің көзін жойды",- деді.