"Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) жақтастары және тәкфіршілдер мәселесі" атты конференцияның қорытынды мәлімдемесі жарияланды
https://itolqyn.com/news/iran-i32431-Пайғамбар_әулетінің_(ғ.с.)_жақтастары_және_тәкфіршілдер_мәселесі_атты_конференцияның_қорытынды_мәлімдемесі_жарияланды
Теһранда өткен "Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) жақтастары және тәкфіршілдер мәселесі" атты конференциясына қатысушылар отырыстың соңында 10 баптан тұратын мәлімдеме жариялап, Палестина мәселесі мен Құдс шәріпті азат етудің маңызын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 24, 2017 18:20 Asia/Almaty

Теһранда өткен "Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) жақтастары және тәкфіршілдер мәселесі" атты конференциясына қатысушылар отырыстың соңында 10 баптан тұратын мәлімдеме жариялап, Палестина мәселесі мен Құдс шәріпті азат етудің маңызын қуаттады.

Конференцияға қатысушылар "Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) жақтастары және тәкфіршілдер мәселесі" конференциясының қорытынды мәлімдемесінде: "Палестина мен Құдс шәріпті сионистердің басқыншылығынан азат ету – ислам әлемінің ең негізгі әрі бірінші мәселесі. Тәкфіршілдер мәселесі мен таңылған соғыстарды өршіту Палестина арманын шетке ығыстырып, Ислам үмбетінің ескі ортақ дертін ұмыттыруға әсер ететін факторлардың қатарын құрайды",- деп баса айтты.

"Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) жақтастары және тәкфіршілдер мәселесі" атты халықаралық конференция Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының шақыруымен 94 елден келген 800-ден астам үлемдер, фикх ғалымдары мен ойшылдардың және ислам мазхабтарының таңдаулы тұлғаларының қатысуымен қарашаның 22-23 күндері Теһранда өтті.