Рухани: Иран Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті аймақ үшін пайдалы санайды
ИИР президенті Ауғанстан президентімен телефон арқылы сұхбатта ИИР-ның Ауғанстанда тұрақты бейбітшіліктің орнап, қауіпсіздіктің болғанын қалайды. Бұл мәселені өзінің қауіпсіздігін арттыру мен аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін пайдалы деп есептейді",-деді.
Хасан Рухани Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ахмадзаймен телефон арқылы сұхбатта лаңкестік шабуылдар салдарынан Ауғанстан халқының қаза болуына байланысты өкініш білдіріп: "Қуанышқа орай, Ауғанстан үкіметі елдің бірлігін сақтап, аймақта жікшілдік тудыруға бағытталған қастандық әрекеттерді залаласыздандыру үшін сындарлы позиция ұстанды",- деді.
Рухани есірткі заттарының өндірісі мен контрабандасымен жан-жақты күресу қажеттігіне тоқталып: "Бүгінгі таңда есірткі заттары аймақ пен әлем елдеріндегі жас ұрпақ үшін үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан ауқымды әріптестік жасау арқылы сұм құбылыспен күресуіміз қажет",- деп баса айтты.
Ашраф Ғани Ахмадзай да телефон арқылы сұхбатта Ауғанстан халқы мен үкіметінің атынан жуырда Керманшаһта болған зілзалаға байланысты Иран халқының қайғысына ортақтастық білдіріп: "Екі халық әрдайым бір-бірінің жанына табылып, бауырлас халық ретінде бір-біріне көмектеседі ",- деді.