Қар 25, 2017 15:32 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Мысырдағы лаңкестік шабуылға реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Мысырдың Солтүстік Синай облысындағы мешітке жасалған лаңкестік шабуылға реакция білдіріп, терроризм үшін илаһи және адами құндылықтардың айырмашылығы жоқ екенін айтты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Терроризм тағы да Мысырдың ғазиз халқына соққы беріп, оған ешбір мекеннің, тіпті мешіттің немесе кез келген ғибадатхананың арасында еш айырмашылық жоқ екенін дәлелдеді",- деп жазды.

Сондай-ақ, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Мысырда орын алған лаңкестік шабуылды айыптап: "Бүгінде аймақта ең ауыр жеңілістерге ұшыраған тәкфирлік лаңкестік өзінің қайта пайда болғанын көрсету үшін бос талпыныс пен рақымсыз әрекеттерді жүзеге асырудан аянып қалмайды. Бұл аймақ үкіметтерінің лаңкестікті шынайы танып-білуі мен онымен шындап және жаппай күресудегі жауапкершілігін екі есе арттырады",- деді.

Мысырдың Солтүстік Синай облысындағы жұма намазы кезінде орын алған бомба жарылысы мен атыс салдарынан кемінде 235 адам қаза болып, 150 адам жарақат алды.

Шабуылдың жауапкершілігін әлі ешбір топ мойнына алған жоқ.

 

 

Тегтер