Катардың Экономика министрі Иранмен байланыстарын арттыруға мүдделік танытты
(last modified Sat, 25 Nov 2017 15:09:55 GMT )
Қар 25, 2017 21:09 Asia/Almaty
  • Катардың Экономика министрі Иранмен байланыстарын арттыруға мүдделік танытты

Катардың Экономика министрі Теһранда Иранның Өнеркәсіп, кен және Сауда министрімен кездесуде Иранмен сауда айналымын арттырып, экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы кедергілерді жоюды сұрады.

Катардың Экономика министрі Ахмад Бен Джасем Мохаммад ал-Сани сенбі күні сауда делегациясын бастап, Теһранға келіп, Иранның Өнеркәсіп, кен және Сауда министрі Мохаммад Шариатмадар және елдің экономика саласындағы белсенділерімен кездесіп, сұхбаттасты.  

Ахмад Бен Джасем Мохаммад ал-Сани Иранның Өнеркәсіп, кен және Сауда министрімен кездесуден кейін сөйлеген сөзінде Теһран сапарының осы елдің Өнеркәсіп министрінің шақыруымен орын алғанын айтып, екі елдің сауда байланыстарының соңғы айларда артқанын мәлімдеді.  

Ахмад Бен Джасем Бен Мохаммад ал-Сани елінің ИИР-на маңызды импортының азық-түлік және құрылыс материалдары деп атап, Түркия мен Әзірбайжан тауларларын Катарға құрлық арқылы жеткізуде Иранның маңызды рөлге ие екенін айтты.