Рухани: Иран лаңкестікпен күресте Сирия халқы мен үкіметінің қасында қалады
ИИР Президенті аймақтағы лаңкестік топтарға қарсы күресті жалғастыру қажеттігін қуаттап: "Иран лаңкестікпен күресте Сирия халқы мен үкіметінің қасында қалады",- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Сирия Президенті Башар Асадпен телефон арқылы сөйлесіп, Сирия халқы мен үкіметін және олардың қолдаушыларын лаңкестерді жеңіп, ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы негізгі базаларының көздерін жоюмен құттықтап, Иранның Сирияны қайта құру үдерісіне белсенді түрде қатысуға әзірлігін жариялады.
Иран Президенті сондай-ақ аймақ елдері басшыларының бірінің Иранға қарсы уәждеріне тоқталып: "Аймақтың кейбір мемлекеттерінің тәжірибесіз басшылары кейде сионистік режим сияқты сөйлейді",- деді.
Рухани аймақтағы сионистік режимнің өткен 70 жылда қандай қылмыстарды іске асырғанын баршаның білетінін баяндап, кейбір араб елдерінің басшыларына дұрыс жолға түсіп, өз елдері мен аймаққа зиян тигізбеуге кеңес берді.
Сирия Президенті Башар Асад та телефон арқылы сұхбатта Иранның Сирияға қатысты ұстанымына алғыс айтып, ДАИШ-тың Сириядағы соңғы базасының алынуын лаңкестікке қарсы қарсы күресте Сирия халқының қасында болған батыл адамдардың талпыныстарының нәтижесі деп бағалады. Башар Асад аймақтың кейбір үкіметтерінің, әсіресе Араб лигасының Иранға қарсы ашу-ызасын Сирия мен Ирактағы ДАИШ-ты жеңуге қатысты санап: "Араб лигасының ұстанымы араб халықтарының ұстанымын білдірмейді",- деп қуаттады.