Лариджани: Трамп Иранға қарсы үрей тудыруды көздеп отыр
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы үрей тудыру арқылы әлемді Иранмен қатынас жасаудан бас тартқызуға талпыныс жасап жатыр",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Али Лариджани жексенбі күні Теһранда Еуропа Парламентінің Иранмен байланыс тобының басшысы Януш Левандовскиймен кездесуінде ИИР-ның "Ортақ қадам" бағдарламасына берік екендігін баса айтып: "АҚШ пен оның Иранға қарсы одақтастарының негізсіз айыптауларының бұл халықаралық келісімді жүзеге асыруға кедергі болуына жол бермеу керек",- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы аймақ пен әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатудың маңызы зор екендігіне тоқталып, ИИР-ның қақтығыстарды әрдайым сұхбаттасу мен келіссөз арқылы шешуді көздейтінін, сондай-ақ Иран мен Еуропа одағы арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді.
Левандовский кездесуде Еуропа одағының "Ортақ қадамға" беріктігін баса айтып: "Еуропа Иранның жанынан табылады", -деді.
Еуропа Парламентінің Иранмен байланыс тобының басшысы Иранға лаңкестермен күресте жасап жатқан талпыныстары үшін алғыс білдіріп, Иранның лаңкестікпен күрес мақсатында жасап жатқан әрекеттері мен шараларының баршаға мәлім екендігін айтты.