Рухани: Систан мен Балуджестан – аңыз-әпсаналар мекені; Иран шекараларының қорғаны
(last modified Sat, 02 Dec 2017 13:54:23 GMT )
Жел 02, 2017 19:54 Asia/Almaty
  • Рухани: Систан мен Балуджестан – аңыз-әпсаналар мекені; Иран шекараларының қорғаны

ИИР-ның президенті Иранның оңтүстігіндегі Систан мен Балуджестан облысын аңыз-әпсаналар мекені деп атап, облыстың әрдайым Иран шекараларының қорғаны болғанын баса айтты.

Хасан Рухани Систан мен Балуджестан облысының Забол шаһристаны халқының ортасында сөйлеген сөзінде Иран Ислам Республикасының мақтанышын бірлігін сақтауы деп атап, Систан мен Балуджестанның бірлігі мен шекарасын жақсы сақтағанын айтты.

ИИР-ның президенті ирандық барлық қауымдардың ирандық екенін, олардың өздерінің ирандық және мұсылман болуын мақтаныш ететіндіктерін қуаттап: «Систан мен Балуджестан сырттай әртүрлі мазхаб пен қауымдарға бөлінгенімен, шын мәнінде барлық мазхаб ислам мен Құраннан тамырланған. Кейбір мемлекеттер аймақта қауымдық және мазхабтық алауыздықтар мен лаңкестікті таратты. Иран бірқалыпты ислам дінінің арқасында алауыздықтар мен лаңкестіктің өз жерінде таралуына мұрсат берген жоқ» деді. ИИР-ның президенті Ирак пен Сирияның лаңкестердің алдындағы жеңісіне тоқталып: «Бүгінде ДАИШ-тың аймақтағы базаларының көзі жойылды. Кейбір елдер ДАИШ-тың Ирак пен Сириядағы әрекеттерін бүкіл ислам әлеміне таратпақ болды. Олар лаңкестікті тарату арқылы аймақ елдерін әлсіретуді көздеді» деді.  

ИИР-ның президенті Иранның үнемі ислам елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығын қолдайтынын қуаттап: «Иран көршілес елдермен, ислам әлемі және батыс елдерімен байланысты кеңейтуді мақсат етеді. Егер бір елде шаһзадалар арасында соғыс жүріп жатса және олар жылдар бойғы ДАИШ тобын қолдауы мен Йеменді бомабалауынан нәтиже шығармаса, оған Иран кінәлі емес» деді.

Руханидің Систан мен Балуджестан сапары екі күнге созылады.