Рухани ирандық ауыр атлетті әлемдік чемпионаттағы жеңісімен құттықтады
ИИР-ның президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Твиттердегі жолдауында Иранның ұлттық командасының ауыр атлеті Соһраб Морадиді әлемдік рекордты жаңғыртып, үш алтын медаль алуымен құттықтады.
ИИР ұлттық командасының 94 келі салмақтағы ауыр атлеті Соһраб Моради Теһран уақыты бойынша дүйсенбі күні таңертең Америкада өтіп жатқан әлемдік чемпионатта әлемдік рекордты төрт келіге арттырды.
Соһраб Моради жұлқа көтеруде 184 келі кіртасын көтеріп, алтын медальға лайықтығын дәлелдеді.
Моради серпе көтеру бойынша бірінші мүмкіндігінде 219 келіні бағындырып, жалпы көтерген салмағын толықтырып, алтын медальға қол жеткізді.
Қараша айының жиырма жетісі күні Американың Лос-Анджелес қаласында басталған ауыр атлетикадан 2017 жылғы әлемдік чемпионат желтоқсан айының бесіне дейін жалғасады.