Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарының жазасын кешіруге немесе жеңілдетуге келісті
(last modified Wed, 06 Dec 2017 01:13:16 GMT )
Жел 06, 2017 07:13 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарының жазасын кешіруге немесе жеңілдетуге келісті

Хазірет Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) мәуліті мен хазірет имам Джафар Садықтың (ғ.) туған күніне орай Ислам революциясының жетекшісі қоғамдық және революциялық соттар, Иран Қарулы күштерінің сот органы мен Мемлекеттік санкциялар ұйымы тарапынан сотталған 1007 адамның жазасын кешіру, жеңілдету немесе басқа жазаға ауыстыру туралы ұсынысты қабылдады.

Иран Сот органының басшысы аятолла Садық Амоли Лариджани Ислам революциясының жетекшісіне хат жолдап, осы органның орталық кешірім комиссиясында шарттарға лайық саналған сотталған адамдардың жазаларын кешіру, жеңілдету немесе басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс ел Конституциясының 110-бабының 11-тармағына сәйкес хазірет аятолла Хаменеидің қолдауына ие болды.

Сәрсенбі күні, х.қ.ж.с.б. 1439 жылдың раби әл-аууал айының 17 жұлдызы, сәйкесінше 2017 жылдың 6 желтоқсаны –  Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с) мәуліті және имамат пен велаяттың алтыншы жарқын жұлдызы имам Джафар Садықтың (ғ.) туған күні.

 

Тегтер