Иран АҚШ-тың өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы шешіміне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i32773
ИИР СІМ сәрсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан Бейт ул-Мұқаддастың Құдсты басып алған режимнің астанасы деп жариялануын айыптап, бұл шараны халықаралық қарарларды ашық түрде бұзу деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 07, 2017 15:48 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы шешіміне реакция білдірді

ИИР СІМ сәрсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан Бейт ул-Мұқаддастың Құдсты басып алған режимнің астанасы деп жариялануын айыптап, бұл шараны халықаралық қарарларды ашық түрде бұзу деп атады.

ИИР СІМ-нің мәлімдемесінде Бейт ул-Мұқаддастың Палестина жерінің ажырағысыз бөлігі екені қуатталып: «Сионистік режим бұл қаланы толық басып алу үшін АҚШ-тың қолдауымен әртүрлі шараларды, соның ішінде негізгі тұрғындарды көшіруді, мал-мүлікті тәркілеп, Бейт ул-Мұқаддастың халқының құрамын өзгерту мақсатымен негізгі тұрғындарды қалашық тұрғындарымен алмастыруды, исламнның қасиетті жерлері мен ескерткіштерін қиратып, әсірешіл қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне кіруіне жағдай жасау арқылы осы қасиетті орынға құрметсіздік көрсетуді күн тәртібіне қойды. АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тану туралы арандатушы шешімі бұл аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіріп, АҚШ үкіметінің сұрқия пиғылын әшкерелеп, сағымға ұқсас бітім келіссөздері үдерісінде АҚШ-тың бейтараптығына әлі күнге дейін сеніп келген тараптардың алдында бұл елдің беделінің одан ары төмендей түсуіне себеп болады. Бұл шешім, сондай-ақ, мұсылмандарды арандатып, аймақта дағдарыстың күшейе түсуіне соқтырады»,-деді.