Жетекші көзқарасы: Палестина міндетті түрде азат етіледі
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи АҚШ, сионистік режим мен алпауыттарға бағынышты реакционерлерді қазіргі заманның перғауындары деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) мәуліті мен хазірет имам Джафар Садықтың (ғ.) туған күні үш биліктің басшылары, жүйенің бірқатар жауапты тұлғалары, ислам елдерінің елшілері және «Исламдық бірлік» конференциясына қатысушылармен кездесіп, қазіргі заман перғауындарының Ислам үмбеті арасына іріткі салып, соғыс тудыруға күш салып жатқанын айтып: «Кейбір америкалық саясаткерлер «Сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтап, ислам әлемінің қанды денесінің дамуға қауқары болмауы үшін Таяу Шығыс аймағында қақтығыстар тудыру керек» деп мойындады. Біз АҚШ-тың аймақтағы қолшоқпарларымен насихат тілінде сөйлесеміз. Кейбір надандардың сөздеріне жауап беруді қаламаймыз. Алайда оларға «Әлемдік залымдарға қызмет көрсету олардың өздеріне зиян. Құран Кәрімде айтылғандай, зұлымдарға жақтасудың жойылудан басқа нәтижесі жоқ» деп кеңес береміз»,-деп қуаттады.
Қазіргі таңда аймақта, әсіресе ислам елдерінде орнаған жағдай, соның ішінде Палестина мен Құдс мәселесі ислам үмбеті мен мемлекеттерінің назарының бұрынғыдан да көбірек екі маңызды тақырыпқа – ислам бірлігі мен табандылыққа аударылуын талап етіп отыр. Сирия мен Иракта ваххабилік-сионистік тәкфиршілдердің қастандығымен бір мезгілде кейбір араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы мүдделеріне жақтасты. Араб реакционерлерінің Израиль режимімен қарым‑қатынасты қалыптандыруы АҚШ-тың Палестина арманын ұмыттырып, сионистік режимнің қауіпсіздігін кепілдендіруге бағыттаған жаңа қастандығы болып табылады. АҚШ-тың өз елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіріп, бұл қаланы Израиль жалған режимінің астанасы етіп жариялауға талпынысы да қазіргі заман перғауындары әріптестігінің нәтижесі болып табылады.
Осы аяда Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи: «Дұшпандардың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялау туралы уәждері олардың дәрменсіздігінен туындап отыр. Ислам әлемі осы қастандыққа қарсы тұрып, сионистердің бұл істен бұрынғыдан да ауыр соққы көріп, қасиетті Палестина ақырында азаттық алатыны күмәнсіз»,-деді.
Құдс пен Палестина мәселесі – исламдық бірліктің салмақ түсетін жері. Ислам әлемінің осы өміршең де маңызды мәселесіне немқұрайды қарау палестиналықтардың арманына жасалған қиянат саналады. АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясының сұрқия әріптестігі ислам әлеміне көптеген ауыр жаралардың салынуына себеп болды. Алайда Қарсыласу өзегі осы сұрқия үштіктің қастандығынан хабардар болып, Сирия мен Ирактағы ДАИШ тәкфиршілдерінің жобасын сәтсіздікке ұшыратқаны сияқты Құдсқа қарсы жаңа қастандық та ислам бірлігі мен палестиналықтардың қырағы реакциясының арқасында залалсыздандырылады.
Палестинадағы әртүрлі интифазалар тәжірибесі сионистердің барлық қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратты. Бұл жолдың жалғасуы Құдсқа қарсы жаңа қастандықты да сәтсіздікке ұшырататыны сөзсіз. Дональд Трамптың Құдсқа қатынасына реакцияның бастамасы ретінде палестиналықтардың АҚШ Президентінің суретін ашу-ызамен өртеп жіберуі олардың күресуге потенциалдың барын екендігін көрсетеді. Егер бұл қатынас жүзеге асатын болса, Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, сионистерге кәсіби соққы беріледі.
Қарсыласу қозғалысының ДАИШ лаңкестік тобын жеңуі бәрінен бұрын ислам бірлігінің маңыздылығын еселендіріп жіберді. Ислам бірлігін сақтап және дұшпандардың қастандықтарына қарсы тұру – ислам әлемін күш-қуат пен құрметке апаратын жол. Ислам әлеміндегі мол әлеуеттерді ескерсек, бұл жол әрдайым бар болады. Ислам әлемінің абырой-айбынын сақтау әртүрлі мәселелерге, соның басында Құдс пен Палестина мәселесіне қарсы дұшпандардың қастандықтары алдында исламдық интеграцияны қалыптастыруға байланысты болып отыр.