Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Теһранға келді
(last modified Sat, 09 Dec 2017 14:09:15 GMT )
Жел 09, 2017 20:09 Asia/Almaty
  •  Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Теһранға келді

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі бүгін таңертең саяси және экономикалық делегацияны бастап Теһранға келді.

Борис Джонсон Теһранға жеткен соң бірден Иран Сыртқы істер министрлігінде ирандық әріптесі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі екі күндік іс-сапарында Иран президенті Хасан Руханимен, Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани, Атом қуаты агенттігінің басшысы Әли Акбар Салехимен, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездеседі.  Екіжақты қарым-қатынас, сауда және банктік байланыстарды кеңейту, аймақтық және халықаралық мәселелер Ұлыбритания Сыртқы істер министрі мен Иранның лауазымды тұлғалары кеңесулерінің басты тақырыбын құрайды. Борис Джонсон ирандық тараппен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, соның ішінде екі елдің экономикалық ынтымақтастығы, сауда және банктік байланыстарды дамыту, аймақтық мәселелер мен халықаралық өзгерістер туралы пікір алмасады.