Рухани: Сауд Арабиясы Израиль режимінің алдында бас игенді қоюы керек
ИИР Президенті: "Егер Сауд Арабиясы Йеменді бомбалауды және Израиль режимінің алдында бас июді тоқтатып, бұл режиммен арадағы қарым-қатынасын үзсе, Иранның Сауд Арабиясымен ешқандай мәселесі болмайды",- деді.
Хасан Рухани жексенбі күні хиджри қамари жыл санағы бойынша алдағы 1397-ші жылғы бюджет жобасын Ислам Кеңесі Мәжілісіне тапсырып: "Сауд Арабиясы сионистік режиммен орнатқан қате достық қарым-қатынасын үзіп, Йемен халқын бомбалауды тоқтатса Иранмен қарым-қатынас орната алады. Иран аймаққа тұрақтылықты қайтарды. Қарсыласу қозғалысының жауынгерлері әлемдік отаршылық пен сионизмді үмітсіздендіріп, Сирия, Ирак және Ливанға қауіпсіздікті қайтарды. Құдай қаласа, жақын арада Йеменде де тыныштық орнатылады",- деп қуаттады. Рухани сондай-ақ Иран мен әлемнің қарым-қатынасының келісімге сай болып, бұл елдің АҚШ сынды келісімді бұзбағанын тілге тиек етіп: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайды. Бірақ, егер қарсы жақтар міндеттемелерін орындамаса, Иран ешбір алаңдаушылық білдірмейді",- деп баса айтты.