Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін Ұлыбританияның экономика саласында ынтымақтастық жасамауын сынады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сенбі күні Теһранда Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Борис Джонсонмен кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін Ұлыбританияның Иранмен экономика саласында ынтымақтастық жасамауын сынап: "Ұлыбритания әлі тіпті Иран елшілігінің Лондондағы банк саласындағы қиындығын да шешкен жоқ",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани кейбір еуропалық елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін ИИР-мен экономикалық ынтымақтастық саласында Ұлыбританиядан әлдеқайда көбірек талпыныс жасағанын айтып, Иранның Еуроодақпен экономикалық қарым-қатынасын кеңейтуді қалайтынын айтты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ, АҚШ пен Ұлыбританияның Ауғанстан мен Иракқа жасаған басқыншылығына тоқталып, сол шабуылдардың аймақта лаңкестіктің таралуына себеп болғанын баса айтты.
Борис Джонсон да кездесуде Ұлыбританияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын айтып, аталмыш бағдарламаны өте маңызды келісім деп атады.
Борис Джонсон Ұлыбританияның кейбір қате шараларын, соның ішінде бұл елдің аймақтағы кейбір мемлекеттерге қатысты қате қатынасын мойындап: "Лондон аймақта тыныштық пен қауіпсіздік қайта орнауы тиіс деп санайды",-деді.